"Елдің болашағы туралы сөз қозғалғанда, негізгі тірек – білім."

Бізбен бірге жол жүруге дайынсыз ба? Біз бірге өсеміз.

Түркияның әртүрлі қалаларында орналасқан кеңселеріміз бен тәжірибелі өкілдеріміз сіздерге ең сапалы қызмет көрсетуге дайын. Картадан қала атауларын басу арқылы өкілдеріміз туралы ақпаратты көре аласыз.

AKA – Айхан Қорқмаз Академиясы

Бағдарлама туралы

AKA – Айхан Қорқмаз Академиясы – педагогтер бастамасымен құрылған, халықаралық білім беру қызметін оқытушы жетекшілігімен жүзеге асыратын ұйым.

Академия қызметі «Елдің болашағы – білімде» қағидасына негізделген және студенттер мен оқытушылардың шетелде білім алу, тәжірибе жинақтау үдерістерін жүйелі түрде ұйымдастыруға бағытталған.

Біздің миссиямыз

AKA Академиясының миссиясы – шетелде білім алатын жастар мен педагогтердің академиялық, кәсіби және тұлғалық дамуын қамтамасыз ете отырып, саналы, жауапты және қоғамға қызмет етуге дайын тұлға қалыптастыру.

Қызметтің тұжырымдамалық негізі

AKA Академиясы қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның «Халыққа қызмет ету – мінезден» деген стратегиялық көзқарасына сүйенеді.

Осы қағидаға сәйкес Академия қызметі оқытушының жетекшілігімен үздіксіз әрі сапалы білім беру арқылы қоғамға қызымет ететін мамандар даярлауға септігімізді тигіземіз.

AKA Айырмашылығы

Мұғалім жетекшілігі

Білім беру қозғалысы менеджерлік қызмет ретінде емес, мұғалім жетекшілігімен жүзеге асатын педагогикалық үдеріс ретінде ұйымдастырылады. Әрбір студентке академиялық бағыт-бағдар беретін кәсіби педагог бекітіледі.

Мінез-құлық пен қабілетке негізделген бағдарлау

Студент тек құжаттар жиынтығы ретінде емес, тұлға ретінде қарастырылады. Оның мінезі, қызығушылығы, әлеуеті мен қабілеттері шетелге шықпай тұрып жан-жақты талданады.

Университеттерді алдын ала іріктеу және тексеру

AKA серіктес университеттері алдын ала зерттеліп, аккредитациясы, дипломының мойындалуы және білім беру сапасы тексерілген оқу орындарынан құралады.

Толық сүйемелдеу жүйесі

Студентке үйден әуежайға, қабылдау және тіркеу кеңсесінен оқу орнына дейін мұғалімнің қатысуымен үздіксіз қолдау көрсетіледі. Құжаттандыру, виза, тіркеу және тұру үдерістері толық бақылауда болады.

Елге оралуға бағытталған көзқарас

AKA үшін басты мақсат – студентті тек шетелге жіберу емес, оны елге білімді, саналы әрі жауапты тұлға ретінде қайтару. Елге қосымша зияткерлік құндылық әкелу – қызметтің негізгі ұстанымы.

Ата-анамен ашық байланыс

Бүкіл оқу үдерісі барысында ата-анамен тұрақты байланыс орнатылады, үдеріс туралы ақпарат беріліп отырады.

Дағдарыс жағдайындағы қолдау

Виза, университет немесе ел ауыстыру сияқты күтпеген жағдайларда студент жалғыз қалмайды, педагогикалық және ұйымдастырушылық қолдау жалғасады.

Байланыс

Тегін консультация алыңыз

Ең қолайлы білім беру бағдарламаларын бірге таңдайық

Тел: +7701-270-23-61, +7775-714-53-09

Оқытушыларға арналған халықаралық бағдарламалар

AKA Академиясы оқытушылардың үздіксіз кәсіби дамуын білім сапасының негізгі кепілі ретінде қарастырады.

Осы бағытта:

  • тақырыптық халықаралық стажировкалар
  • университеттермен бірлескен сертификаттық бағдарламалар
  • халықаралық деңгейде мойындалған кәсіби курстар ұйымдастырылады.

ОҚУ ОРЫНДАРЫ

Академиялық кеңес беру және университетке орналастыру

AKA Академиясы студентті үйінен бастап, қабылданған университеттің тіркеу бөліміне дейін мұғалім жетекшілігімен толық сүйемелдейді.

Білім беру жолы Қазақстанның барлық өңірінде мұғаліммен басталып, шетелдік университетте мұғалімнің қатысуымен аяқталады.

Университет пен мамандық таңдау студенттің қабілеті мен қызығушылығына сай жүзеге асырылады.

AKA Академиясы серіктес елдер мен университеттердің оқу бағдарламаларын, ресми сәйкестігін, аккредитациясын және дипломдардың мойындалуын алдын ала тексереді.

Бағдарламаға енгізілген барлық оқу орындары біздің мұғалімдеріміз барып көрген, танысқан және сенімді деп танылған университеттер.

Басты мақсатымыз – студентке болашағы бар, саналы әрі дұрыс кәсіби бағыт ұсыну.

Шетелге оқуға түсу: 5 жеңіл қадам

  1. Байланысқа шығу

    Бізге хабарласқаннан кейін сіздің білім деңгейіңіз, мақсатыңыз және мүмкіндіктеріңіз анықталады. Осы мәліметтерге сүйене отырып, сізге ең қолайлы оқу елдері ұсынылады. Әрбір ментор – шетелде оқыған немесе сол елдің білім жүйесін жақсы білетін маман.

  2. Алғашқы кеңес алу

    Елді, университетті немесе грант түрін таңдауда күмәніңіз болса, ментордан жеке консультация ала аласыз. Егер бір реттік кеңес жеткіліксіз болса, шетелге түсуге арналған толық қолдау бағдарламасын таңдауға мүмкіндік бар.

  3. Жеке дайындық кезеңі

    Толық қолдау аясында келісімшарт рәсімделіп, дайындық үдерісі басталады. Бұл кезеңге:

    • ментормен жеке онлайн кездесулер
    • чат арқылы тұрақты кері байланыс
    • құжаттарды дайындау
    • мотивациялық хаттар мен эсселерді редакциялау
    • гранттарды іздеу және іріктеу
  4. Университет пен гранттарға өтініш беру

    Барлық қажетті құжаттар ментордың жетекшілігімен дайындалып, университеттер мен гранттарға бірге тапсырылады. Қабылдау мүмкіндігін арттыру үшін бір ел ішінде бірнеше оқу орнына өтініш беріледі.

  5. Қорытынды кеңес және келесі қадамдар

    Өтініштер тапсырылғаннан кейін ментор виза рәсімдеу бойынша соңғы кеңес береді және оқуға қабылданғаннан кейінгі барлық келесі қадамдарды егжей-тегжейлі түсіндіреді.

Тіл курстары

Тіл мектептері және даму бағдарламалары

Неліктен тіл қозғалысы?

  • Тіл тек аудиторияда емес, нақты өмірде қолдану арқылы меңгеріледі
  • Оқушылар тілді өз ортасында, құрдастарымен қарым-қатынас арқылы тәжірибеде қолданады
  • Бағдарлама тілмен қатар сол елдің мәдениеті мен қалалық ортасын тануға бағытталған
  • Тіл дамуы тәулігіне 24 сағаттық тәжірибе мен өзара әрекетке негізделген
  • Қаланың тарихи және маңызды орындары сол елдің тілі арқылы танылады

Оқу үдерісі:

  • Қазақстаннан барған мұғаліммен басталады
  • Қабылдаушы елдегі кәсіби тіл маманының жетекшілігімен жалғасады

Бағдарлама нәтижесінде оқушы:

  • тіл қолдану қабілетін дамытады
  • өзіне деген сенімін арттырады
  • дүниетанымын кеңейтіп, саналы тұлға ретінде қалыптасады

AKA-ның басты айырмашылығы – оқушымен тәулік бойы бірге болып, оқу мен өмірді ұштастыра алатын өз еліміздің мұғалімінің тұрақты жетекшілігі.

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Балам/мен шетелде жалғыз қалмаймын ба?
Жоқ. Студентке оқу үдерісінің барлық кезеңінде мұғалім жетекшілігімен толық сүйемелдеу көрсетіледі: үйден әуежайға дейін, қабылдау мен тіркеу кеңсесінен оқу орнына дейін.
2. Қандай елдер мен университеттермен жұмыс істейсіздер?
AKA Академиясы аккредитациядан өткен, дипломы мойындалатын және алдын ала тексерілген серіктес университеттермен ғана жұмыс істейді. Елдер мен оқу орындары бағдарламаға қарай ұсынылады.
3. Ата-ана оқу барысында қалай хабар алып отырады?
Ата-анамен тұрақты байланыс орнатылады. Студенттің оқу барысы, бейімделуі және жағдайы туралы уақытылы ақпарат беріліп отырады.
4. Виза немесе құжат мәселесі туындаса не болады?
Құжаттар мен виза рәсімдеу үдерісі AKA Академиясының сүйемелдеуімен жүргізіледі. Күтпеген жағдай туындаса, балама шешімдер ұсынылады.
5. Университет пен мамандық қалай таңдалады?
Таңдау студенттің қабілеті, қызығушылығы және болашақ жоспары ескеріле отырып, мұғалімнің кәсіби кеңесі арқылы жүзеге асырылады.
6. Бағдарламаның құны қандай және не кіреді?
Бағдарлама құны елге және оқу түріне байланысты анықталады. Қызмет құрамына кеңес беру, құжаттарды рәсімдеу, оқу орнына орналастыру және сүйемелдеу кіреді. Барлық шарттар алдын ала ашық түсіндіріледі.